Глава государства Нурсултан Назарбаев принял участие в V Форуме женщин Казахстана.

 

Выступление Президента РК Н.А.Назарбаева на V Форуме женщин Казахстана, 5 марта 2009 года

Құрметті Форумға қатысушылар!
Құрметті ханымдар!


Айтулы мереке – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдерінің V Форумы өз жұмысын бастап отыр. Бүгін мен өздеріңізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осынау маңызы зор іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен келіп, қатысып отырған баршаңызды алдағы мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Жәннат – ананың табанының астында» деген қанатты сөз бар. Өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп-өсіріп, тіршілікке тірек болған асыл мұраттары мен қажыр-қайраттары үшін біз ардақты ана мен асыл жарға, аяулы қарындасқа әрдайым құрметпен қараймыз.

Бүгінде Қазақстанда әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әр түрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін көрсетіп келеді. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне азаматтармен қатар сүбелі үлестерін қосып жүр.


Көптеген қыз-келіншектер мемлекеттік басқару жүйесін, мәдениет, денсаулық саласын, білім мен ғылымды, медицинаны дамытуға атсалысып жүргенін атап өтуге тиіспіз. Сонымен қатар, олар бұл күнде әр аймақта ірілі-ұсақты үкіметтік емес ұйымдарын құрып, бірқатар әлеуметтік жобалар бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда еліміздің өркендеуі жолында аянбай қызмет жасап жүрген барлық аналарға, қарындастарға және қыз-келіншектерге ризашылығымды айтамын.

Ел мүддесі жолындағы бірлескен ісімізде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу үшін осында отырған баршаңызға жемісті еңбек, жаңа табыстар мен зор жетістіктер тілеймін!

 

Далее по тексту

 

Комментарии

Женщины скоро порвут его
Самое главное что он сегодня озвучит в Послании (Обращении)... Надеюсь, не разочарует.